Шатқалдағы шатақ: альпинист қар көшкінінен қаза тапқан жолдастарының денелерін өзі аршып алған

Фото: 112 Телеграм

Қарашай-Черкесия республикасында құзға өрмелемек болған бір топ адам қар көшкініне тап болды. Архыздың София шатқалында 16 адамнан тұратын альпинистер тобының сапары трагедиямен аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

 112 Telegram-арнасының хабарлауынша, сапарға шыққан топтың ішінен үшеуі ауа райын барлау үшін алға шыққан. Алайда барлаушылардың қар көшкіні басып қалған. Олардың бірі қашып үлгерсе, қалған екеуі мұз қабатының астында қалып қойған.

Аман қалған альпинист өзі қазып, жолдастарының мәйітін шығарған. Қайтыс болғандар – Николай Южаков пен Константин Колокольников.

Альпенистер тобы ТЖМ ескертуіне қарамастан тауға шығамыз деп қаза тапты. Туристердің көбі ішкі Ресейден «Таймази 2025» мұз фестиваліне келген.