Фото: Robert Prange/Getty Images
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Екінші кезеңде ол әлемнің 62-ші ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимаға қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Рыбакина алты эйс жасап, екі қос қате жіберді және төрт брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.