Қайрат Боранбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық істер неге жабылды?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қазіргі уақытта олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Назарбаевтың бұрынғы құдасы келтірілген шығынды өтегендіктен, қылмыстық істер тоқтап қалғаны белгілі болды.

«Салық төлеуден жалтаруға келетін болсақ, ол келтірілген шығынды толығымен өтеді. Қылмыстық кодекс бойынша мұндай жағдайда іс жабылады. Қалған істерді процессуалдық келісімдер бойынша сотқа жібердік. Онда да Боранбаев келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді», – деді Елемесов.