19 ақпанда Алматыда Жансүгіров көшесінде Ыстықкөл көшесіне жетпейтін жерде көліктердің жаппай соқтығысуы орын алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Mercedes-Benz B-Class Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.
Тұман мен көктайғақтың салдарынан жүргізуші бір сәтте көлік құралын басқаруды жоғалтқан, соның салдарынан ол көлік келе жатқан қарсы жолаққа шығып кетіп, Chevrolet Cobalt-пен бетпе-бет соқтығысты.
Артынша Chevrolet көлігі келе жатқан Toyota Camry-ге де соқтығысқан.
Жол апатынан Chevrolet жүргізушісі жарақат алды. Қазір ол ауруханада.
Жол полициясының қызметкерлері құтқару қызметінің мамандарымен бірлесіп ЖКО себептерін анықтауда.
Атап салдарынан Жансүгіров көшесі уақытша жабылып, көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді.
Бұған дейін Алматыда 19 ақпанға қараған түні үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болғандығы хабарланған болатын.