Канададағы ұшақ апатынан 18 адам зардап шекті

Фото: BBC

Delta Airlines компаниясының Bombardier CRJ900LR ұшағы апатынан зардап шеккендер саны 18 адамға жетті. Лайнер Торонто әуежайына қонар кезде аударылып қалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Бортта 76 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Қаза тапқандар жоқ. Ұшақ Американың Миннеаполис қаласынан Торонтоға ұшып келе жатқан.

Апттың себебі анықталып жатыр. Бұдан бұрын 2 бала мен бір ересек адамның ауыр жарақат алғаны айтылған еді, бірақ әуежай басшылығы мұны жоққа шығарды. Дебора Флинттің айтуынша, апаттан кейін ауыр халде жатқан адамдар жоқ.