Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен Костенко шахтасында 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық істі тергеуді аяқталды. 10 күдіктіге қатысты сотқа жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталып отыр», – деп жазды Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде.
Айта кету керек, Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан 46 кеншінің аты-жөнін жариялағанбыз. Оқиға 2023 жылдың 28 қазанында болды.