«Ештеңе түсінбейтін әйел екен»: Баян Мақсатқызының купальниктегі суреті жұртты шошытты (ФОТО)

Жақында күйеу баласынан айырылған Баян Мақсатқызының іс-әрекеті көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Продюсер қыс айында Дубайға көшіп кеткен болатын. Жеке парақшасына жағажайда түскен фотосын жүктеді. Желі қолданушылары продюсердің әрекетін қатаң сынады.

“Ештеңе түсінбейтін әйел екен”, “Кеше ғана сіңлісі күйеуінен айырылып, қара жамылып еді”, “Бұлардың өмір салттары қызық”, “Тас түскен жеріне ауыр”, “Фотода тұрған ештеңе жоқ. Тірі адам тіршілігін жасайды”, “40 күндігін күтуі керек”, – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, продюсердің сіңлісі Бағым Мұхитдинованың жары, музыкант Әділжан Юсупов дүниеден өткен еді.

“Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындауым ұнайды деп ойлаймын» – деп жазған еді Бағым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)