Исламбек Қуат астаналық клубтың қатарына қосылды

Фото: ФК Астана

Тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Исламбек – елорда футбол мектебінің түлегі. Оның спорттағы жолы осы «Жеңіс» футбол орталығынан басталған. Исламбек кәсіпқой мансабында «Оқжетпес», «Астана»,»Ақтөбе», «Қайрат» және ресейлік «Оренбург», «Химки» футбол клубтарында ойнаған. «Қайраттың» сапында екі рет Қазақстан Кубогының иегері болған.

Ол елдің жоғарғы дивизионында және Қазақстан Кубогында 250-тан астам кездесу өткізген. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 64 ойын өткізіп, 6 гол соққан.