4 жолаушысы бар «ПАЗ» автобусы HOWO жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Салдарынан автобуста болған 26 жастағы жолаушы жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жұмысшыларды вахтаға апара жатқан.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Қарағанды облысының қоғаммен байланыс департаменті.