«+11°C»: Шымкентте күн күрт жылынады

Фото: Qazaq.today

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 16-18 ақпан аралығында елдің үш мегаполисінде ауа райы құбылмалы болады. Ал Шымкент қаласында күн күрт жылынбақ, деп хабарлайды Qazaq.today.

Шымкент

16 ақпан – ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ, тұман. Түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.

17 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -3…-5°C, күндіз +8…+10°C.

18 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, 5-10 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +9…+11°C.

Астана

16 ақпан – ауыспалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -5…-7°C.

17 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.

18 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C.

Алматы

16 ақпан – ауыспалы бұлтты, кешке қарай қар жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман, жолда көктайғақ. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.

17 ақпан – ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.

18 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ сақталады. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.