Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Фото: kzkazan.ru 

Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорданың хабарламасында.