Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді.
Ұлттық құрама финалда Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанды.