Ақтауда мүгедектігі бар жігітті әлдекімдер ұрлап әкетіп, зорлаған — адвокат

Ақтаудағы жантүршігерлік қылмыс туралы адвокат Ажар Әбділ айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Адвокаттың айтуынша, 27 желтоқсанда Ақтау қаласының орталығында джип көлігіне мінген белгісіз біреу 18 жастағы мүгедек жігітті ұрлап әкеткен.

«2024 жылдың 27 желтоқсанында Ақтауда 18 жастағы мүгедек жігіт зорланды. Жігіттің анасы полицияға арыз жазған», — деді адвокат.

Құқық қорғау органдары күдіктіні әлі анықтай алмаған.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Полиция департаментінің басшысы істі бақылауына алды. Тергеу жүріп жатыр», — деді ведомство.