Бұл еліміздегі қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді.
Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.
Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі. Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын.