Жаңаөзен-Ақтау тас жолында автокөлік толықтай жанып кетті

Жаңаөзен-Ақтау тас жолында көлік толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі мәлімдеді.

“2006 жылы шыққан Ford Transit Van маркалы автокөліктің өртенуі туралы хабарлама ТЖД кезекшісінің пультіне 9 ақпанда сағат 18:07-де келіп түсті.Автокөліктің жануы Жаңаөзен-Ақтау тас жолында орын алды. Көлік толығымен жанып кетті. Оған 60 литрлік газ баллоны орнатылған. Өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің нақты шығу себебі анықталуда. Оған электр сымдарының қысқа тұйықталуы не сұйық отын багының тұтануы себеп болуы мүмкін.