Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазақстандық команданың қарсыласы Қытай Тайбэйі командасы болды. Кездесу 17:0 есебімен Олег Болякин шәкірттерінің ірі жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Кирил Панюков бес гол соқса, Әлихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов екі голдан соқты.
Сондай-ақ Андрей Буяльский, Арсений Лихотников, Евгений Рымарев, Артур Королев, Кирилл Савицкий, Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Александр Борисевич пен Денис Шаропов бір голдан соқты.
Осылайша, отандық хоккейшілер биылғы 2025 жылғы Азия ойындарында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ертең, 8 ақпанда Жапонияға қарсы өткізеді.