Алматыда қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен жүрген жүргізуші жасөспірімді қағып кетті. 16 жастағы жеткіншек алған жарақатынан көз жұмды. 25 жастағы жігіт жоғары жылдамдықпен автобустарға арналған жолақпен жүйткіген. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде сағат 19.30-да 1998 жылы туған А азамат Toyota Camry маркалы машинамен Абай даңғылы арқылы батыс бағытта жүрген. 2007 жылы туған Н жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жолды кесіп өткпек болған. Нәтижесінде жүргізуші кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекті қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттары бар жаяу жүргінші қаладағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, кейін қайтыс болды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ал оқиғаның куәгерлері қайтыс болған баланың ауызашар уақытта жолда су мен құрма таратып жүргенін жазып жатыр.
«Кеше ауызашарға су мен құрма таратып жүрген баланы көлік қағып кетті», — делінген тараған ақпаратта.
https://www.youtube.com/shorts/gVwAouWK8QI