Фото: istockphoto.com
Астана полициясы алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 52 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Тергеу барысында күдіктінің ол отбасында үй қызметшісі болып жұмыс істегені анықталды. Үй иелерінің сеніміне кірген ол шкафта тұрған, құны 800 мың теңге болатын алтын сақина мен сырғаны ұрлаған», — деді полиция.
Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.