Ел аумағында тағы 35 градусқа дейін аяз күтеледі

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

8 ақпаннан бастап Ақмола облысында, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер ауа райын қалыптастырады, аздаған қармен бірге төменгі бұрқасын күтіледі, ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр.

«Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтілуде. Ауа температурасының төмендеуі кезең-кезеңмен болады, батыста түнде -10-15°C, солтүстік-батыста -17-25°C, солтүстікте, орталықта -17-28°C, шығыс аймақтарында -18-35°C дейін төмендеуі күтіліп отыр», — делінген ауа райы болжамында.