Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінгені рас па?

Фото: Baq.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге ақша тартылғанын растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Тілшілер «Ұлттық экономика вице-министрі Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге тарттық деп отыр. Неге бірден қордан ақша тарттыңыздар? Инвестор тартуға болмас па еді?» деп сұрады.

«LRT-ның құрылысына біздің министрлік жауапты емес. Бұл мәселемен әкімдік айналысады. Көлік министрлігі болғандықтан, республикалықтан қаржы алу тетігінің бірі – министрлік арқылы алу. Сұрағыңызды түсіндім. Биыл аяқталуға тиісті (жобаға) қаржы қосымша бөлініп жатыр. Бірақ оның қай қаржы көздері, қандай инвесторлармен сөйлесті – оның бәрін жергілікті атқарушы орган жүргізді. Сондықтан ол жағынан мәліметім жоқ», — деді Марат Қарабаев.

Министр Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге ақша тартылғанын растады.