Фото: Танатар Орынбаев
Танымал рэпер қыз YENLIK алғаш рет бала күнінен бергі ең сырлы естеліктерін бөлісіп, Дина Төлепбергенге сұхбат берді. Ол әңгіме барысында отбасылық өмірі туралы да айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сұхбатта Дина тұрмысқа шыққан соң қыздардың көбі карьерасын екінші орынға ысырып қоятынын айтып, «Бұның саған қатысы жоқ деп ойлаймын» деді. Бұған жауап ретінде әнші күйеуі туралы айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Күйеуім мені шынайылығымен, қарапайымдылығымен баурап алды. Оның бойында ешқандай арамдық жоқ. Көбісі менен қызғанбайды ма деп сұрайды. Тіпті, біз ондай тақырыпта сөйлеспейміз де», — деді ол.
Дина Төлепберген оның бұл сөзіне қызғанатын еркек өзіне сенімсіз адам екенін айтты. Оған Еңлік өзі де қызғануға себеп бермейтінін жеткізді.