Күніне 50 мың теңге төлейді – есірткі жарнамасын таратқан адам 3 жылға қамалды

Астанада күніне 50 мың теңге төлейтін «жұмыстың» жарнама парақтарын таратқан ер адам сотталды, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Ол есірткі, психотроптық заттардың немесе олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымы бойынша мәліметтері бар жарнама парақтарын Астанадағы ғимараттардың қабырғасына жабыстырған.

Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды.