Алматы облысының тауларында 3-10 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
«Алматы облысының аумағында, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Қар көшкіні температура жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын жаууы байланысты түседі», — деп жазылған хабарламада.