Торға құлап кеткен зоопарк күзетшісін арыстан талап өлтірді

Мысырдың Эль-Файюм қаласындағы зоопаркте арыстан күзетшіні талап өлтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Youm7 газетінің жазуынша, қайтыс болған ер адам 47 жаста болған. Ер адам тепе-теңдік жоғалтып, жыртқыш отырған торға құлап кеткен. Арыстан оған шабуыл жасады.

«Эль-Файюм хайуанаттар бағының күзетшісі қаза тапты. Арыстан оның басынан бірнеше рет тістеп алды», — делінген хабарламада.

Мекеме қызметкері алған жарақатынан қаза тапты. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары арыстанды атып өлтірді.

Бүгінде хайуанаттар бағы уақытша жұмысын тоқтатты.