Оралдағы құрылыс алаңында ер адам көз жұмды

Оралда құрылыс алаңында өтіп бара жатқан адамның үстіне кірпіш құлап кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің жанында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде кірпіш биіктіктен құлап, өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен.

Полицияның хабарлауынша, марқұм шамамен 60 жаста болған.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы әйелдің үстіне кірпіш құлап, зардап шегуші сол жерде көз жұмған.

“Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілі Әлима Ғарифуллина.