Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында балаларға төлемдер түсе бастады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Бағдарламаға қатысатын балалардың 2024 жылға арналған арнайы шоттарына 129,38 доллардан түсті. Бағдарлама іске асырылғаннан бері 2 жылдағы бір балаға жалпы жинақталған сома 232,94 доллар болады.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында алғашқы төлемдер 2024 жылы жасалған еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.