Павлодарлық зейнеткер лифтіге мінгеніне өкініп қалған

Павлодарда зейнеткер тоналған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірген.

Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан. Пакетте зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған.

Жәбірленуші сол сәтте бірден полицияға хабар береді.

Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден ұстайды. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.