Шымкентте таксиге отырған жасөспірім қыз үшті-күйлі жоғалып кетті

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Шұбарсу ауылының 17 жастағы тұрғыны Ермекбай Арайлым Ерболқызы түнгі сағат 23:00 шамасында Шымкенттен ауылына қайтпақ болып «Алаш» базарының алдында таксиге отырған. Содан кейін телефоны сөніп, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Аталған жағдайға байланысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бүгінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған қыз туралы арыз бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

«Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды», — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.