Фото: mintrans.uz
Uzbekistan Airways әуе компаниясының HY101 Ташкент — Нью-Йорк рейсінің бортында ұшу кезінде жолаушылардың бірінде толғақ басталған.
Жағдайды бағалаған экипаж командирі дауыстық хабарландыру арқылы ұшақтағы дәрігерлерді көмекке шақырған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар арасында дәрігер-акушер мен хирург табылып, көмекке келген. Біраз уақыттан кейін сәби дүниеге келген. Осыған байланысты экипаж Исландияның Кефлавик қаласындағы резервтік аэродромға шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.
Ұшақ сәтті қонғаннан кейін медициналық қызметкерлер бортқа шығып, қажетті көмек көрсеткен. Анасы мен сәби жергілікті емханаға жеткізілген.