Оқушыға шеге сұққан: Павлодарда ызақор мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан алынды

Павлодар облысында мектеп оқушысына физикалық зақым келтірген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлады.

                          Бейнебақылау камерасына түсіп қалған оқиға

Әлеуметтік желіде сыныптағы бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Онда мұғалімнің тақта алдында тұрған оқушыға жақындап, баланың арқасын өткір затпен шаншығаны анық көрінеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы Павлодар облысының полиция қызметкерлерімен тексерілуде.

«Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу немесе басқа да күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

                        Мұғаліммен еңбек қатынастары тоқтатылды

Мектеп әкімшілігі бұл оқиғадан кейін мұғаліммен еңбек келісімшартын бұзғанын мәлімдеді. Бұған дейін Атырауда мектеп мұғалімі педагогикалық кеңестен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған еді.