Қазақстанда соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер өлген. Жауынгерлердің мезгілсіз жантапсыруы жайында Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев жариялады. Жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады. 2020 жылы 78, 2021 жылы 96, 2022 жылы 85 және 2023 жылдың басынан бері 11 әскери қызметкер қаза болған.
Олардың 36 пайызы дерттен, 24 пайызы жол апатынан, тағы 20 пайызы суицидтен көз жұмған. Қазиевтің сөзінше, бұл ресми мәлімет «әскердегі өлім-жітімнің көбі суицидтен дейтін пікірлер шындыққа жанаспайтынын көрсеткен».