Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды

Бүгін сағат 08:54-те республикалық маңызы бар «Бастау-Ақтау-Теміртау» автожолындағы Петровка ауылынан 1 шақырым жерде «Ботақара-Қарағанды» бағыты бойынша жүріп келе жатқан №84 қоғамдық автобус аударылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қатты желдің салдарынан автобустың тепе-теңдігін жоғалтуы себеп болған. Оқиға кезінде автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Polisia.kz.