Астанада ұшақтар кешігіп жатыр

Елордада ұшу-қону жолағы ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Бүгін сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды. Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қазір ұшатын 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, қонатын 68 рейстің 14-і де кешіктірілді. Оның себебі ауа райының қолайсыздығы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.

«Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты (www.nn-airport.kz) арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады», — деп хабарлайды елорда әуежайы.