Алматыда ауыз суды қосымша сүзгіден өткізудің қажеті жоқ. Керісінше, химиялық құрамы бойынша Алматы қаласының халқы ішетін судың құрамында адам ағзасына өте қажетті табиғи микроэлементтер бар. Қала халқы тұтынатын ауыз судың 65% жер астынан, 35% жер үсті көздерінен алынады. Судың құрамы 32 элемент бойынша тұрақты тексерістен өткізіліп тұрады. Мамандардың айтуынша,суды қосыша сүзгіден өткізудің де, бөтелкедегі суды тұтынудың да қажеті жоқ. Өйткені Алматы қаласындағы судың сапасы кепілдендірілген.