Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды

Риддер ЖЭО-да тағы бір штаттан тыс апат болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлім етті.

«Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде сөндіріліп, резервті қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура тәулік ішінде көтеріледі», — деді  Мұрат Байжүменов тұрғындарға.

Екібастұздықтар желіде үйлерінің күрт суығанын айтып шағымдануда. 18 сәуірде қалада ауа температурасы -7, түнде температура-10-13 дейін жетеді.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажеттігін айтқан.

 

Qazaq.today