Шымкенттегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігерге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Кінәлі жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады.
«Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады», –делінген хабарламада.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.