Ыстамбұлда алкогольден адамдар қайтыс болып жатыр

Уланғандардың жалпы саны – 38 адам, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиғаға Ақсарай ауданынан сатып алынған ішімдікті тұтыну себеп болған. Уланған азаматтардың арасында әйелдер де бар.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ыстамбұлда барлығы 38 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға келгендердің 26-сы – шетелдік азамат. Қазіргі уақытта олардың 11-і қайтыс болған.

Полиция оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Келеңсіз жайтқа қатысты екі Түркіменстан азаматы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Жалған алкогольдік сусындардан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының саны 6 адамға жетіп отыр. Оның 5-еуі – ер адам, 1-еуі – әйел.