Президент әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Жұматаев Абзал Ғабдоллаұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
1997 жылдан бастап мансаптық жолынбастаған полковник Абзал Жұматаев өзін Ішкі істер органдары жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен тәжірибелі офицер ретінде танытты.
Жаңадан тағайындалған офицерді ҚР Ұлттық ұланында өткен Әскери кеңесінде Бас қолбасшылықтың басшылық құрамына Ішкі істер министрі Ержан Сәденов таныстырды.