Италияда Қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті

Фото: instagram.com/torino2025_fisugames

Еліміздің туын хоккейші Абылайхан Сүлейменов пен фристайл шебері Аяулым Әмренова ұстап шықты.

13 қаңтар күні, Италияның Турин қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қазақстанның намысын 10 спорт түрінен (биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек) 103 спортшы қорғайды.