Талғар аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: Instagram/talgar_police

Асхат Бекенов Алматы облысы Талғар ауданының полиция бөлімін басқарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы бүгін аудандық полиция бөлімінің Instagram желісінде белгілі болды.

Сіздерге Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Барлыбаевич Бекенов тағайындалғаны туралы хабарлаймыз, деп жазылған 2025 жылғы 14 қаңтардағы Талғар ауданының тұрғындары мен қонақтарына жолданған ақпаратта.