Фото: dzen.ru
Павлодарда пенсионат қызметкерлері қарт адамдарды азаптап, олардың мүлкі арқылы ақша тапқан. Алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топтың мүшелері анықталып, тергеуге алынды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтаған.
«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.», — делінген прокуратура хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.