Шымкентте өрт шыққан жерден зорлық белгілері бар әйелдің денесі табылды. Күдікті ұсталған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
12 қаңтарға қараған түні полицияға өрт туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнынан әйелдің денесі табылды. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», — деп жазылған хабарламада.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыс отбасылық жанжал салдарынан жасалған.