Ақтауда өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды

Фото: canva.com

Ақтауда ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысы ұсталды. Тиісті ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Комитет әскери-тергеу басқармасының басшысы пара алды деген күдігіне ілінгенін мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.