Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today Mash-қа сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы:
Жасөспірім үйінің жуынатын бөлмесінде ұзақ уақыт бойы шықпай, алаңдатқан туыстары есікті бұзған. Бөлмеден ес-түссіз жатқан қызды тауып, оның жанында телефон мен вейп болған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бөлмеден вейптен бөлек, темекі шегуге арналған тағы екі электронды құрылғы мен Iqos таяқшаларын тапты. Барлық заттар зерттеу үшін тәркіленді. Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталмақ.
Еске салсақ, Қазақстанда вейптерді сатуға, елге әкелуге және қоғамдық орындарда шегуге тыйым салынған. Бұл заңның енгізілуінен кейінгі өзгерістер туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.