Роналду футбол тарихында тағы бір рекорд орнатты

Португалия ұлттық құрамасы мен «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.

Танымал футболшы кеше «Әл-Ахдудқа» қарсы ойында (3:1) пенальтиден мүлт кетпеді. Нәтижесінде 24 жыл қатарынан гол соғып келе жатқан алғашқы ойыншы атанды. Сондай-ақ мансабында соққан голдар санын 917-ге жеткізді.

Айта кетейік, Роналду Сауд Арабиясы командасында екі жылдан бері ойнап келеді. 30 маусым күні келісім уақыты аяқталады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от LiveScore (@livescore)

Фото : Пресс-служба ФК «Аль-Наср»