Фото: Evan Vucci/AP
Ақ үйдің жаңа басшысы Дональд Трамп Владимир Путиннің онымен кездесуге ниет білдіргенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Трамп Флоридадағы резиденциясында журналистермен кездесу кезінде мәлімдеді.
«Путин екіжақты кездесуді қалайды, біз мұы жақын уақытқа ұйымдастырып жатырмыз», — деді АҚШ-тың жаңа президенті.
Басылымның жазуынша, Путин желтоқсан айындағы баспасөз мәслихаты кезінде Трамппен әңгімелесуге және кездесуге дайын екенін айтқан еді. Оның сөзінше егер бұл тілегі шынымен орындалса екі президенттің өзара айтатыны бар екенін жеткізген.