«Баласы болмағаны үшін кінәлі емес»: адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа шығаруды сұрады

Сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлын адвокаты Төлеев үйқамаққа шығаруды сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today.



“Оның зейнет жасына таяғанын ескеріп, гуманизм қағидасына сүйене отырып оны үйқамаққа босатуды сұраймын”,- деді оның қорғаушысы Төлеев.

Адвокаттың айтуынша, іс бойынша екі жас баласы бар айыпталушы ғана үй қамақта отыр.

“Бірақ, баласы жоқ болғаны үшін Мұхамедиұлы кінәлі емес қой”,-деді Төлеев.

Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі де сот отырысы кезінде денсаулығы нашарлағанын айтты.

“Бірнеше күн бұрын мен екінші рет операция жасаттым. Сондықтан мені үй қамаққа босатуларыңызды сұраймын”,-деді Мұхамедиұлы.

Осы іс бойынша тек бір адам — кәмелет жасына толмаған екі баласы бар Садуақасова ғана үй қамақта отыр. Ал экс-министрді бүгінгі сот отырысына ауа райының нашарлығына байланысты сотқа онлайн қатысты.

Еске салайық, Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының соты өтіп жатыр. Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов төрелік жасап отыр. Ал экс-министрдің өзі 64 қамау мекемесінен онлайн режимде қатысып отыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 29 мамырда қамауға алынды. Оған халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылған.

Мұхамедиұымен қатар, бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасовтар сотқа тартылған.

Qazaq.today