Таразда ер адам мен әйел бесінші қабаттан секіріп кеткен

Бесінші қабаттан 26 және 38 жастағы екі адам құлап,абырой болғанда екеуі де жапсарлас салынған құрылыстың шатырына түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Құтқарушылар мен дәрігерлер оларды зембілмен шатырдан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де масаң күйде болған. Олардың не себепті терезеден секіргені белгісіз. Қазір жергілікті полиция мән-жайды анықтап жатыр.

«Омыртқа жарақатымен ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа ота жасалды. Жамбас сүйегі сынған әйел травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа, тұрақты», — дейді Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің дәрігері Мислим Ризманов.