Юлия Путинцева Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Аделаидада Олимпиаданың күміс жүлдегерін тізе бүктірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бір сағат 32 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Векич 3 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, Юлия Путинцева мен хорватиялық Донна Векич арасындағы тартыс 6:2, 6:3 нәтижесімен аяқталды.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингіде 42-орындағы Тунис өкілі Онс Жабердің қай жеңгенімен таласады.

Жүлде қоры 1 млн 064, 510 мың долларға бағаланған Аделаида жарысы 11 қаңтарда аяқталады.