Фото: businessinsider
Солтүстік Қазақстан облысында оқыс жағдай орын алды. 40 жастағы жігітті бұқа сүзгілеп өлтірді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қайғылы оқиға Тайынша ауданында асыл тұқымды мал өсіретін ірі шаруашылықтардың бірінде тіркелді. Ауыр жарақат алған жұмысшы бірден Тайынша аудандық көпбейінде ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер жапа шегушіні жансақтау бөліміне жатқызып, тиісті медициналық көмек көрсетті. Алайда жұмысшы жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.
Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.